Жарық сөнгенде реанимация бөлімі не істейді?

30 Қазан 2023, 17:24
1083
Бөлісу:
Жарық сөнгенде реанимация бөлімі не істейді?
Фото: BAQ.KZ - Архив

Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов кеше Астанада орын алған электр энергиясының өшуі туралы түсіндірді.

ТЭЦ2-дегі тұйықталу салдарынан 21:57-де қаланың 10 қосалқы стансасы өшіп, негізінен Астананың оң жағалауында электр энергиясын беру шектелді. 23:00-ден сағат 02:00-ге дейін барлық қосалқы стансалар жұмысы қайта жанданды. ТЭЦ2-де ешқандай технологиялық бұзылу болған жоқ. ТЭЦ2 штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Авариялық жағдай жеткізуші желілерде болды. Қарапайым сөзбен айтсақ, кабельден ақау шығып, бір шкаф жанған, - деді ол.

Сондай-ақ Нұрлан Нұркенов әлеуметтік нысандардағы электр энергиясы туралы ақпарат берді.

Қаланың оң жағалауында 2 сағатта кейбір әлеуметтік нысандарда, емдеу орындарында электр энергиясы өшті. Барлық медициналық нысандарда дизель генераторлар іске қосылды, бірақ ережеге сәйкес, авариялық жағдай орын алған кезде дизель генератор реанимация бөлімін, операция блоктарын электр энергиясымен қамтамасыз етеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы