Жарық беріп, орнына су алған: Қазақстан Қырғызстанға қанша электр энергиясын жіберді?

17 Ақпан 2022, 11:28
1527
Бөлісу:
Жарық беріп, орнына су алған: Қазақстан Қырғызстанға қанша электр энергиясын жіберді?

Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Парламент Сенатының отырысында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов хабарлады. Оның айтуынша, көрші Қырғыз еліне Қазақстан тұрақты түрде электр жарығын беру туралы келісім бар. 

Егер нақты электр энергиясының көлемін айтатын болсақ, алдыңғы жылдары Өзбекстанға сатылымдар болды. 1 млрд кВт/сағатқа дейін сатылған. Былтырғы жыл бізге қиындық тудырды. Себебі майнинг әсер етті. Сондықтан Өзбекстанға экспорт тоқтап қалды. Қырғызстанға мемлекетаралық келісім бойынша біз қысқы уақытта және күз айларында электр энергиясын жібереміз. Қырғыз бауырлар өз тарапынан бізге көктем мен жазда су жібереді, - деді вице-министр. 

Сонымен қатар ол аталған шарттың шеңберінде ұсынылған жарық пен судың көлеміне тоқталды. 

Осы келісімшарт бойынша екі елдің Үкіметі арасында қойылған шарт бойынша 910 млн кВт/сағат көлемінде біз Қырғызстанға экспорт жасадық. Қырғызстан үш жыл ішінде 300 млн кВт/сағаттан, яғни 300 млн куб су көлемінде қайтарып береді, - деп түсіндірді ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы