Жарты жылда қазақстандықтардан медициналық көмек сапасына 14 мыңнан астам шағым түсті

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова азаматтардың өтініштерін мұқият талдап, шағымдардың себептерін анықтап, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп жүйелі мәселелерді шешу жөнінде тапсырма берді.

 pexels.com 16 Шілде 2026, 23:45
16 Шілде 2026, 23:45
158
Фото: pexels.com

Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы алты айында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне түскен азаматтардың өтініштері 44%-ға артты.

Ең көп шағым мына мәселелер бойынша түскен:

  • медициналық көмектің сапасы – 4694 өтініш;
  • басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер – 3026;
  • медициналық көмекті ұйымдастыру – 2371.

Шағымдардың ең көп өсуі:

  • Маңғыстау облысында – 104%;
  • Батыс Қазақстан облысында – 103%;
  • Атырау облысында – 93%.

Ал Қарағанды облысында өтініштер саны 16%-ға азайған.

Министрлік кейбір өтініштердің қайталанып түсетінін атап өтті. Мысалы, медициналық куәландыру мәселесі бойынша түскен 700-ге жуық өтініштің 600-і 12 азаматтан келген.

Сонымен қатар:

  • өзге мәселелер бойынша – 98%-ға;
  • басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне қатысты – 61%-ға;
  • медициналық этика және деонтология бойынша – 51%-ға;
  • медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша – 49%-ға;
  • медициналық көмектің сапасы бойынша – 40%-ға өтініштер көбейген.

Ал мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өтініштер 22%-ға төмендеген.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова азаматтардың өтініштерін мұқият талдап, шағымдардың себептерін анықтап, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп жүйелі мәселелерді шешу жөнінде тапсырма берді.

Наверх