Жарты миллионға жуық алматылық вакцина алған

28 Маусым 2021, 17:03
2409
Бөлісу:
Жарты миллионға жуық алматылық вакцина алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бері 428 532 алматылық індетке қарсы екпе салдырған. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифинг барысында айтты.

Қала бойынша вакцинаның қалдығына тоқталар болсақ. Бірінші компоненттің 41 518 дозасы және екінші компоненттің 104 241 дозасы бар.
Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базарларда және қаланың ойын-сауық орталықтарында 208 вакцинация пункті жұмыс істейді. 307 вакцинация бригадасында 1 256 медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Кешегі күнгі дерек бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 215 жаңа жағдай тіркелген. Оның 186-да симптомдық белгілері болса, 29-ы симптомсыз. - деді Нариман Табынбаев.
Бір тәулік ішінде 6 203 адам вакцина алған. Олардың ішінде 69 644 адам 60 жастан асқан жандар көрінеді. 

Еске сала кетейік, маусым айында 4000-ға жуық алматылық індет жұқтырғаны туралы осыған дейін жазғанбыз. Қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал ушыға түскенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы