Маусым айында 4000-ға жуық алматылық індет жұқтырған

28 Маусым 2021, 16:43
1517
Бөлісу:
Маусым айында 4000-ға жуық алматылық індет жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаз басталғалы қауіпті індетті жұқтырған 3 800 жағдай тіркелген. Бұл деректі Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.

Эпидемиологтардың айтуынша, ПТР орташа тәуліктік оң нәтижелері 114-тен 188-ге дейін өскен. Соңғы аптада симптомдары бар КВИ-мен ауыратындардың үлес салмағы 32%-дан 53%-ға дейін артқан көрінеді. Бұл COVID-19 «дельта» штамының тез тарайтынын көрсетті.


Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты біз мутацияланған штамдарға зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде КВИ науқастарынан алынған 131 үлгінің 77 «альфа», британдық штамдар, 46 үлгіде «дельта», үнді штамдары анықталды. Сонымен қатар, екі «гамма», оңтүстік африка штаммдары мен бір нью-йорк, «бетта» штамы тіркелді. Жалпы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі «альфа» штамының таралуынан, ал аурудың артуы Нұр-Сұлтан қаласы мен Ресейден әкелінген «дельта» штамының салдарынан орын алып отыр, - деді Жандарбек Бекшин.


Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қабылданған шектеу шараларын міндетті түрде орындау қажеттігін айтты. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, жалпы дертті жұқтырмаудың жалғыз жолы – вакцина алу мен санитарлық нормаларды сақтау.

Бұған дейін Бекшин Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал ушыға түсуде екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы