Жарқын болашақ бүгіннен басталады – Төрегелді Шарманов

5 Маусым 2022, 15:16
1426
Бөлісу:
Жарқын болашақ бүгіннен басталады – Төрегелді Шарманов

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов референдумда дауыс берді.

Академик бұл референдумның өте маңызды екенін атап өтіт.

Ертеңгі  жарқын болашаққа, халқымыздың биік деңгейге көтерілуіне. Дүниежүзіне танылуына. Сондықтан жарқын болашақ бүгіннен басталады. Жауапкершілікпен, ойыма түйгенім, білгенім, жалпы жарқын болашақ үшін дауыс бергім келеді, - деді ол.

Сонымен қатар қоғам қайраткері Кенжехан Матыжанов та референдумға өзінің азаматтық борышын орындауға келді. Журналистерге берген сұхбатында ол өзінің және халықтың осы референдумнан үлкен үміт күтетінін атап өтті.

Конституцияға өзгерістер енгізілгеннен кейін еліміздегі сыбайлас жемқорлық жойылады деп үміттенеміз. Біз 30-дан астам өзгеріс жаңа Қазақстанға алға жылжуға көмектеседі деген үмітпен дауыс береміз, - деді Кенжехан Матыжанов.

Әнші Сәкен Майғазиев те  референдумға келіп өз таңдаукын жасады.

Екі ай ішінде елімізде референдум бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілді. Жаңа Қазақстан -  бұл әділетті Қазақстан дейді. Мен бүгін өз таңдауымды жасадым және  дауысымды бердім, - деді ол.
 

Өзгелердің жаңалығы