Жарлық жұмыс тиімділігі мен жедел шешімдер қабылдануға оң әсерін тигізеді – министр

14 Сәуір 2022, 11:11
1651
Бөлісу:
Жарлық жұмыс тиімділігі мен жедел шешімдер қабылдануға оң әсерін тигізеді – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы жарлыққа қатысты пікір білдірді.

Мемлекет басшысының осы Жарлығының маңыздылығы ерекше. Себебі мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру осындай батыл шараларсыз мүмкін емес. 

Жоспарларды орындау туралы жоспарлар, түрлі Жол карталардың үстемдігі болды. Әрбір қабылданатын құжатты «вето» құқығы бар барлық мемлекеттік органдармен келісу және осының салдарынан кейін нақты шешім қабылдаушы лауазымды тұлғаның жауапкершілігі бұзылып, құжаттардың негізгі мәні жойылатын, - деп жазды министр.

Министр жарлық жұмыстың тиімділігін арттыратынын айтты. 

Бұл Жарлық жұмыстың тиімділігін арттыруға, жедел шешімдердің қабылдануына оң әсерін тигізеді. Сонымен бірге шешім қабылдайтын лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін арттыратыны сөзсіз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы