Жарлық цифрлық қызметтердің дамуына ықпал етеді – Жолдыбалина

14 Сәуір 2022, 17:53
1451
Бөлісу:
Жарлық цифрлық қызметтердің дамуына ықпал етеді – Жолдыбалина

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина айтты.

Жолдыбалинаның айтуынша,  Президенттің мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа қол қоюы еліміздің цифрлық басқару, цифрлық мемлекет, E-gov, электрондық қызметтер атты салалардың одан әрі дамуына ықпал ететін қадам. 

Цифрлық технологияны мемлекеттік басқаруға енгізу  барлық мүдделі тараптардың пікірлерін ескере отырып, мүдделер тепе-теңдігін сақтауды талап ететін өнімділік жүйелерінің шамадан тыс күрделі мәселелерін шешуге мүмкіндік береді, - деді Алуа Жолдыбалина.

Оның атап өтуінше, бүгінде әлемде мемлекеттің дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі – цифрландыру процесі. Цифрландыру процесін бағалаудың тіпті индекстері де қалыптасқан. Олар Сандық экономика және қоғам индексі (DESI), Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму индексі (ICT Development Index), Дүниежүзілік цифрлық бәсекеге қабілеттілік индексі (IMD World Digital Competitiveness Index - WDCI), Жаһандық ену индексі (GCI, Huawei), Желіге дайындық индексі (NRI), Электрондық қатысу индексі (E-Participation Index – EPART) және т.б.

Ол Дүниежүзілік цифрлық бәсекеге қабілеттілік индексінде біздің ел 36 орынды иеленгенін айтты.

Қазіргі таңда  еліміздің цифрлық даму саласындағы оң тәжірибеміз мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыруға, атқарушы биліктің қызметін заңнамалық тұрғыдан артық регламенттеуді болдырмауға, сондай-ақ құжат айналымы мен есептілікті қысқартуға, мемлекеттік органдар басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді, -деді  ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина.

Өзгелердің жаңалығы