Еліміздің 4 өңірінде дабылды ескерту жарияланды

30 Желтоқсан 2019, 19:00
1840
Бөлісу:
Еліміздің 4 өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің 4 облысында дауылды ескерту жасады. 

Күндіз 31 желтоқсанда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

31 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.

31 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

31 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз кей жерлерде бұрқасын күтіледі, солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады күші 15-20 м/с жетеді.



Өзгелердің жаңалығы