Астанада жауыннан кейін тұрғындар «Нұрлы жол» LRT стансасының жерүсті өткелінен су аққанын байқады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға таңғы сағат 08:10 шамасында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан эскалатор мен стансаның негізгі бөлігі арасындағы өткелдің төбесінен су тамшылап тұрғанын көруге болады. Су аққан аумақты нысан қызметкерлері қызыл лентамен қоршап қойған.
Видео авторы әрі оқиға куәгерінің айтуынша, өткелді қатты су баспаған, алайда төбеден су белсенді тамшылаған.
Су көлемі көп емес, сондықтан плитка әлі тайғақ бола қоймапты. Бірақ төбеден су сорғалап тұрды. Мен барғанда бұл аумақтар қызыл лентамен қоршалып үлгерген екен. Өтіп бара жатқан жолаушылардың жүзінен таңданыс байқалды, - деді куәгер.
BAQ.KZ редакциясы жағдайға байланысты ресми түсініктеме алу үшін басқарушы компанияға сауал жолдады.
Еске сала кетейік, бұған дейін LRT стансаларының бірінен өрт шыққанын жазған болатынбыз. Желі іске қосылмай тұрып, дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт тұтанған еді. «City Transportation Systems» компаниясының мәліметінше, оқиға «Театр» стансасының солтүстік өткелінің кіреберіс бөлігінде болған.
Төтенше жағдайлар департаменті өрттің аумағы шамамен 20 шаршы метрді құрағанын нақтылады. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Тағы оқи отырыңыздар:
Алматыда Астанадағыдай эстакадалы LRT болуы мүмкін
Мем болып басталған мегажоба: LRT-ның алғашқы күндері қалай өтті?
Астанада LRT есігін күштеп ашпақ болғандар анықталды