Полицейлер желіде тараған жаппай төбелес туралы видеоға қатысты пікір білдірді

25 Ақпан 2020, 14:44
1706
Бөлісу:
Полицейлер желіде тараған жаппай төбелес туралы видеоға қатысты пікір білдірді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция әлеуметтік желіде тарап жатқан жаппай төбелестің видеосына қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Polisia.kz сайтында хабарланды. 

Кадрларда топ болып, бір-бірімен аяусыз төбелесіп жатқан жастарды байқауға болады. 

Бейне материалды зерттеу нәтижесінде оқиға 2013 жылғы Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында орын алғандығы анықталды. 


Дәл осындай бейнелер бірнеше рет әлеуметтік желілерде жарияланды. Зардап шеккендер жоқ және полицияға қоңырау түспеген. Сала қызметкерлері 2018 жылы осындай фактінің алдын алып, 31 адам бұзақылық үшін жауапқа тартылды. 

Полиция әрдайым интернет кеңістігін қадағалап отырады, аймақтарда тұрақтылықты сақтау, сонымен қатар тиісті тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы