Жаппай тестілеу арқылы вирус жұқтырғандарды дер кезінде анықтадық – Сағынтаев

27 Мамыр 2020, 15:32
1364
Бөлісу:
Жаппай тестілеу арқылы вирус жұқтырғандарды дер кезінде анықтадық – Сағынтаев
Фото: ашық дереккөз

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев карантин режимінің сақталуын қадағалау мен экономиканы кезең-кезеңімен қалпына келтіру мәселесі жайында баяндады.

Әкім коронавирустың алғашқы жағдайы анықталған кезде күніне 150-200 адамға зертханалық талдау жасап отырғандарын айтты. Ол кезде талдау негізінен сырттан келген адамдарға жасалған. 
Күнделікті ұшақпен келген азаматтарымызды карантинге жатқызып, тексеріп отырдық. Кейін сәуірдің 5-не бастап қала бойынша жалпы тест жүргізу қолға алынды. Негізінен тесттен өткізу медицина және құқық қорғау қызметкерлері арасында болды. Осы аралықта 123 мыңнан аса ПЦР таладауы және 26 мыңнан аса экспресс-тест жасалды. Оның 2353-нің нәтижесі оң болып шықты,-деді Сағынтаев. 

Әкім сондай-ақ вирус жұқтырғандарды дер кезінде анықтау үшін талдама жасайтын республикуалық және қалалық 6 зертхананы жұмылдырғандарын жеткізді. 
Алдағы уақытта тағы бір зертхананы іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір күніне 2400 тест жүргізіп отырмыз. Алдыға қойған меже 4500-5000 дейін жеткізу болып отыр. Егер скрининг болмаса вируспен анықталғандар саны бұдан аз болар еді,- деді ол. 

Сонымен қатар, ол қазір қаладағы көптеген мекемелер өз жұмысын қайта бастағанын, соған байланысты облыстан көптеген адамдар кіріп жатқанын айтты.
Біз енді сол мекемелерге барып адамдардан талдама алып, сараптама жасаймыз. Барлығына болмаса да, жағдайды түсіну үшін бірнеше мекеменің жұмысшыларын тест жасалады,-деді әкім. 

Сөз арасында ол қалада вирус анықталғалы 613 індет ошағы тіркелгенін, оның 463-нен шектеу алынғанын және 150 белсенді ошақ бар екенін айтты.



Өзгелердің жаңалығы