Жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың көбі 35 жасқа дейінгі жастар – Бас прокуратура

5 Қаңтар 2023, 11:37
1001
Бөлісу:
Жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың көбі 35 жасқа дейінгі жастар – Бас прокуратура

Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың көбі 35 жасқа дейінгі жастар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мәжілісте өтіп жатқан жалпы отырыста Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді.

Арнайы прокурорлар 720 қылмыстық істі тергеді. Бұл істер бойынша тыйым салынған экстремистік топтардың 25 мүшесі ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 2 мүшесі қамауға алдынды. Күдіктілердің арасында деструктивтік діни ағымдағы 8 жақтаушысы бар 126 адам кісі өлтіру, ұрлық, қарақшылық жасағандары үшін бұрын сотталғандар. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың көбі 35 жасқа дейінгі жастар, - деді Асылов Мәжілісте.

Шетелдік азаматтар жаппай тәртіпсіздікке қатысуға және басқа да қылмыстар бойынша күдікті деп танылды. Олардың ішінде Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары да бар.

Бүгін біздегі істер бойынша 573 адам сотталды. Оның ішінде 2 іс теракт жасау фактісі бойынша. Қазіргі таңда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы 18 адам анықталды. Олардың 13-не қатысты іс сотқа жолданды, - деп атап өтті Бас прокурор.

Өзгелердің жаңалығы