Жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша адам ауруханада қайтыс болды?

15 Қаңтар 2022, 21:49
2068
Бөлісу:
Жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша адам ауруханада қайтыс болды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова хабарлады.

Бас прокуратура жариялаған 225 өлімнің 175-cі медициналық ұйымдарда қайтыс болды. Өңірлердің Денсаулық сақтау басқармаларының жедел мәліметтері бойынша, төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап 2 678 адам зардап шегуші медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде амбулаториялық көмекке - 1 815, стационарлық емдеуге барлығы - 863, 598 пациент үйге шығарылды, 265 - емдеуді жалғастыруда, 67 науқас ауыр хәлде реанимацияда жатыр, - деп атап өтті Әсел Артакшинова.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

500 - ден астам күрделі хирургиялық операциялар жүргізілді. Бұл ретте барлық медицина қызметкерлері адамгершілік және бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алғанын атап өткім келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің құрылған жедел штабы өңірлермен бірге барлық зардап шеккендерге үздіксіз медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етті. Консультативтік және практикалық көмек көрсету үшін барлық республикалық жетекші емханалар қосылды, - деді ведомство өкілі.

Өзгелердің жаңалығы