Жапониядағы лайнерден эвакуацияланған үш ресейлік коронавирус жұқтырған

27 Ақпан 2020, 08:43
1323
Бөлісу:
Жапониядағы лайнерден эвакуацияланған үш ресейлік коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Diamond Princess круиз лайнерінен эвакуацияланған үш ресейлікке "жаңа коронавирус инфекциясы" диагнозы қойылды. Бұл туралы Роспотребнадзор басшысы Анна Попова хабарлады, деп жазады РИА Новости

Сондай-ақ олардың COVID-19 анықталмаған тағы бес ресейлік секілді жағдайы жақсы екені айтылады.

Барлығының дене қызуы қалыпты, ешқайсының клиникалық белгісі жоқ, тіпті жаңа коронавирус диагнозы қойылғандарының да, – деді Анна Попова журналистерге. 

Бұған дейін Diamond Princess лайнерінде төрт қазақстандық болғаны хабарланған. 24 ақпанда олар Нұр-Сұлтанға жеткізіліп, карантинге жабылған. 

Diamond Princess круиз лайнері коронавирус анықталғаннан кейін Жапония жағалауында екі апта карантинде болған. Оның бортында 3700 адам болған.

Өзгелердің жаңалығы