Жапонияда көлік бір топ баланы қағып кетті

9 Желтоқсан 2021, 19:33
938
Бөлісу:
Жапонияда көлік бір топ баланы қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның орталығындағы Хигасиура қаласында жеңіл көлік балалар үйінің тәрбиеленушілерін қағып кетті. Салдарынан кем дегенде 10 бала зардап шеккен. Бұл туралы Asahi газеті хабарлады, деп жазды Хабар24. 

Балалар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Абырой болғанда, ешбірі ауыр жарақат алмаған. Одан бөлек 70-80 жас аралығындағы көлік жүргізушісі де ауруханаға жеткізілді. Ол өзін нашар сезінгенін айтқан. Полиция қызметкерлері оқиғаның себеп-салдарын анықтап жатыр. 

Соңғы жылдары Жапонияда қарт жүргізушілердің қатысуымен қайғылы оқиғалар жиілеп кеткен. Сондықтан жергілікті полиция денсаулығы сыр бере бастаған адамдарды ерікті түрде көлік жүргізуден бас тартуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы