Жапония валютасы құнсызданып барады

9 Маусым 2022, 09:44
2116
Бөлісу:
Жапония валютасы құнсызданып барады

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Қазір бір долларға шаққандағы валюта бағамы 133 иена, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Бұл соңғы 20 жылда болмаған көрсеткіш. Сарапшылар мұны АҚШ долларының күшеюімен байланыстырады. Сонымен қатар Америка мен Жапония орталық банктерінің жоспары әр түрлі болуы өз әсерін тигізген. Айта өтейін, бұған дейін күншығыс елінде рекордтық инфляция тіркелген еді. Соның салдарынан елде азық-түлік пен жанар-жағармай бағасы қымбаттап кеткен болатын. 

Өзгелердің жаңалығы