Жапонияның орталық банкі базалық пайыздық мөлшерлемені 1%-дан 1,25%-ға көтерді. Бұл – 1995 жылдан бергі ең жоғары деңгей.
ВВС-дің хабарлауынша, Жапония банкі 2024 жылы мөлшерлеме минус 0,1% болған кезден бастап ақша-несие саясатын біртіндеп қатаңдатып келеді. Соңғы екі жарым жылда мөлшерлеме алты рет көтерілген.
Мұндай шешім елдегі бағаның өсуі, иенаның әлсіреуі және энергия ресурстарының қымбаттауы жағдайында қабылданды. Тамызда Жапониядағы базалық инфляция шілдедегі 1,8%-дан 1,7%-ға төмендеді. Бұл орталық банктің 2%-дық мақсатты көрсеткішіне жақын.
Энергия бағасының өсуі Жапония экономикасына қосымша қысым түсіріп отыр. Ел Таяу Шығыстан жеткізілетін энергия ресурстарына айтарлықтай тәуелді.
Соңғы айларда иена да әлсіреді. Тамызда оның бағамы 40 жылдағы ең төменгі деңгейге түскеннен кейін Жапония мен АҚШ валюта нарығына бірлесіп араласқан.
Сарапшылар пайыздық мөлшерлеменің көтерілуіне қарамастан иена әлсіз болып қалса, инфляциялық қысым Жапония банкін ақша-несие саясатын одан әрі қатаңдатуға итермелеуі мүмкін екенін айтады.