Жапония мен Кореяда сайлау учаскелері жұмысын бастады

10 Қаңтар 2021, 06:51
2105
Бөлісу:
Жапония мен Кореяда сайлау учаскелері жұмысын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Жапониядағы және Корея Республикасындағы Елшіліктері жанындағы сайлау учаскелері өз жұмысын алғашқы болып бастады.  

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Токиодағы #261 және Сеулдегі #258 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де дауыс беру үшін ашылды. Бұл елдерде жүрген қазақстандықтардың өздерінің сайлау құқығын бірінші болып пайдалану мүмкіндігі бар, – делінген хабарламада.

Жапония мен Кореяда сайлау учаскелері жұмысын бастады

Сондай-ақ, ең бірінші болып Аделина Алпамыс есімді Оңтүстік Кореядағы Корё университетінің студенті дауыс беріп үлгерген.


Өзгелердің жаңалығы