Жапондар Ресейдің 4 аралын қосып алыпты

9 Тамыз 2019, 16:57
2814
Бөлісу:
Жапондар Ресейдің 4 аралын қосып алыпты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы CGTN телерадиокорпорациясы хабарлады.

Жапонияның картасында Оңтүстік Курильдің 4 даулы аралы пайда болды. Бұл туралы 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарының веб-сайтының "Олимпиада алауы" бөлімінде жарияланған (Нұр-Сұлтан уақытымен 16:57-де).

Федерация кеңесінің халықаралық істер жөніндегі комитетінің мүшесі Олег Морозов бұл әрекетті картографиялық агрессияның көрінісі деп атады. 

Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты, еңбек сіңірген жаттықтырушы Дмитрий Свищев Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті аталған картаны түзетеді деп үміттенетінін айтты. 

портты саяси мәселелерді шешу үшін пайдаланбау керек", - деді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі бойынша Итуруп, Шикотан, Хабомай және Кунашир аралдары КСРО құрамына енген. Алайда, Жапония мұны мойындаудан бас тартқан. Осы ұстанымға байланысты Мәскеу мен Токио әлі де бейбітшілік келісіміне қол қойған жоқ. 

Өзгелердің жаңалығы