Жапондар масканы мыстан жасауды ұсынды

12 Маусым 2020, 05:24
1167
Бөлісу:
Жапондар масканы мыстан жасауды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маэбаси қаласындағы текстиль өндірушілер мен жапондық университет ғалымдары коронавирустан қорғайтын маскаларға мыс қоспасын пайдалануды ұсынып отыр, деп жазады Massaget.kz.

Сарапшылар бірлестігі вирусты неғұрлым аз уақыт ішінде жоятын маска өндірісін қолға алды. Жаһандық пандемия кезінде аурудың бұрынғыдан бетер таралмауын қамтамасыз етуге көмектесетін бұл бастама әлі тәжірибе үстінде.

Стартап авторлары материалдың, яғни мыстың зарарсыздандыру қабілетін алға тартады. Ол вирус бөлшектерінің белсенділігін азайтуға қабілетті. Мыс талшықтарына түскен вирус бар болғаны төрт сағат ішінде жойылып кетеді.

Онымен қоса, мұндай талшықтардың адам ағзасына еш зияны жоқ.

Әзірге аталған жоба тексерістен өтіп жатыр. Маскаларды жаппай нарыққа шығару әлі қолға алынған жоқ. 

Өзгелердің жаңалығы