Жапон боксшысын жеңген Жанқош Тұраров екінші чемпиондық атаққа ие болды

11 Желтоқсан 2023, 08:45
662
Бөлісу:
Жапон боксшысын жеңген Жанқош Тұраров екінші чемпиондық атаққа ие болды
Фото: baq.kz

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) Алматыдағы бокс кешінде жапон боксшысы Акихиро Кондодан (37-12-2, 21 КО) айласын асырды. Осылайша екінші чемпиондық атағына ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

33 жастағы отандасымыз қарсыласымен 12 раунд бойы жұдырықтасты. Нәтижесінде төрешілердің бірауыз шешімімен айқын жеңіске жетті. 118:110, 120:108, 118:110 есебімен басым болды.

Жанқош бірінші жартылай орта салмақта IBO чемпиондық атағын қорғап қана қоймай, бос тұрған WBA Gold белбеуін жеңіп те алды.

Өзгелердің жаңалығы