Жануарларға қатыгездік үшін жаза күшейтіледі

23 Желтоқсан 2021, 13:45
2354
Бөлісу:
Жануарларға қатыгездік үшін жаза күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Сенат отырысында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң қабылданды. Аталған заңның аясында жануарларға қатыгездік үшін жаза күшейтіледі.

Сонымен қатар бұдан былай жануарларға қатыгездікпен қарағандарға айыппұл сомасы да белгіленді. Енді жеке тұлғалар 5 АЕК, ал лауазымды тұлғаларға 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Қолданыстағы заңды қайта бұзғаны үшін айыппұл сомасы 4 есеге артады.

Мемлекет басшысы Жолдауда жануарларды қорғауға қатысты құқықтық қатынастарды заңнамалық тұрғыдан реттеу қажеттігін айтқаны белгілі. Осы орайда бүгінгі күні қабылданған заңдар жануарларға жауапкершілікпен қарау, олардың иелерінің міндеттері, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың осы бағыттағы құзыреттерін реттейтін қағидаттарды бекітуге бағытталған, - деп атап өтті Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев.

 Сенаторлар қабылдаған заңда жануарларды қорғаушылардың ұсыныстары ескеріледі. Океанариумдер, дельфинарийлер мен жануарлар көрмелерін құруға және олардың қызметіне тыйым салынады. Алайда мұндай бизнестің иелері өз бизнестерін жою немесе қайта құру үшін бұл норма 2025 жылдан бастап, ал дельфинарийлер үшін 2029 жылдан бастап күшіне енеді. Сондай-ақ заң бойынша азаматтар мен қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын қоғамдық бақылау институты да енгізіледі деп күтілуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде өлім жазасы заң жүзінде толықтай жойылғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы