"Жануарлар – менің достарым" байқауының жеңімпаздары анықталады

17 Тамыз 2020, 14:06
2116
Бөлісу:
"Жануарлар – менің достарым" байқауының жеңімпаздары анықталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалар суретінің "Жануарлар – менің достарым!" республикалық конкурсы мәресіне жетті. 

Жеңімпаздар есімі 19 тамызда сағат 12:00 байқаудың бас демеушісі Edu Stream компаниясының Youtube парақшасында онлайн марапаттау салтанатында жарияланады. Топ жарып шыққан 12 бала бас жүлдені – Венаға сапарды қанжығасына байлайды. 
Конкурсты ұйымдастырушылардың мақсаты – адамзаттың санасына ой салып, жануарларға деген қатігездік пен қоршаған ортаға немқұрайлы қарамауды бала кезден сусындату. Байқау діттеген мақсатына жетті десе болады. Туындымен бірге эссе жазып жіберген жас суретшілер, үлкендерді жануар аулауды доғарып, табиғатты аялауға шақырды.   

Бұл көз – халық көзі. Табиғаттың ластанып бара жатқанын көріп тұрған елдің көз жасы. Әр адам, перзент өз елінің көркейуіне үлес қосуы қажет. Табиғатты қорғау – олардың парызы. Кей адамдар оны түсінбейді, түсінгісі де келмейді. Айналаны ластап, денсаулыққа зиян  әкелуде. Бүкіл халық болып экологиямызды, қоршаған ортамызды тазартуға тырыссақ, ауамыз таза болар еді. Әр сенбі сайын сенбілікке шықсақ, көктем мезгілінде бұтақ отырғызсақ, өз қоқысымызды әр жерге емес, қоқыс жәшігіне лақтырсақ жеріміз де қалдыққа толмас еді. Сол себепті барша халықтар жер бетін табиғатты қорғауға шақырамын, - дейді 11 жасар атыраулық Джаббаров Руслан. 

1 сәуірде бастау алған байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен төрт мыңнан астам бала қатысты. Жеңімпаздар төрт жас тобы бойынша марапатталады. Ұйымдастырушылар онлайн марапаттың ерекше болатынын алға тартады. Бас жүлдемен қатар, барлық қатысушыға арналған сыйлық бар. 

Жануарларды қорғау тақырыбы қазір өте өзекті. Осынша бала ат салысып, тақырыпты аша білгені қуантады. Кейбір туындылар қатты таң қалдырды, тіпті оны бала салды дегенге сенбейсің. Неге десеңіз, суреттер сапалы және онда терең ой жатыр, - дейді қазылар алқасының мүшесі БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының қызметкері Олжас Атымтаев. 
Конкурс Қазақстан Президентінің қамқорлығымен, БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында, Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, "Балалар  Әлемді Бейнелейді" қоғамдық қоры, бас серіктес "Edu Stream" компаниясының және "Технодом" мен "Настоящий Буратино" серіктестерінің қатысуымен өтеді.
Өзгелердің жаңалығы