Жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

24 Қараша 2022, 10:20
1121
Бөлісу:
Жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Алматы-Кеген-ТЮП автожолының 2-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлады BAQ.KZ.

23 қарашада сағат 15:00 шамасында Toyota автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Mitsubishi автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан оқиға орнында Toyota жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы көз жұмды. Сондай-ақ, Mitsubishi автокөлігінде болған 4 адам Есік кентінің ауруханасына жеткізілді.

Аталған дерек бойынша Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-да ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, - делінген ҚР ІІМ хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы