Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта қаралады

6 Қараша 2024, 12:37
625
Бөлісу:
Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта қаралады
Фото: zhankoshturarov инстаграмынан

Келесі апта тергеу қайта басталмақ. Бұл туралы жәбірленуші Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта жаңғыртылыпты. Келесі апта тергеу қайта басталады деп хабарлады. Бірақ алдыңғы шығарылған қаулыны әлі алған жоқпыз. Жарты айдан астам уақыт өтті. Бас прокуратураға жазылған шағымның, әлеуметтік желідегі, БАҚ-тағы жариялылықтың нәтижесі шығар. Соңғы кезде әріптестерімнен, халықтан Бас прокуратура қызметкерлерінің жақсы жұмыс істеп, көптеген қылмыс пен заңбұзушылықтарды ашуға септігін тигізіп жатқандарын естимін. Бұл да болса көңілге жағатын, үзілген үмітті жалғайтын жағымды нәрсе ғой. Тек жаман жағын айта бермей, жақсы жағын да айтайық, - деді Ләззат Ахатова.

Ол сондай-ақ боксшының істі жабуға күш салуы мүмкін екенін айтты.

Қайтадан депутат ағаларын қосып, қылмысын жабуға тағы күш сала ма деген күдік жоқ емес. Не жағдай болса да, барлығы ашылып, жасырмай, айтылды, - деді Ләззат Ахатова.

Еске сала кетейік, Жаңқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа қатысты мәлімдеме жасағаны туралы жазғанбыз. Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың ісі неге тоқтатылғаны туралы да жазғанбыз. 

Өзгелердің жаңалығы