Жанкүйерлер Шавкаттың жекпе-жегін тікелей эфирде көре алмағанына шағымданды

6 Наурыз 2023, 11:04
1023
Бөлісу:
Жанкүйерлер Шавкаттың жекпе-жегін тікелей эфирде көре алмағанына шағымданды
VIDEO
Фото: Трансляциядан скрин

Кеше АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 285 турнирінде Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегін тікелей эфирден көре алмаған жанкүйерлері шағымын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, амалдың жоқтығынан қазақстандықтар жарнамаға лық толған сайттардан қарауға мәжбүр болған.

Қазақтың көк туын желбіреткен, бүкіл әлемге қазақ тілін танытып жатқан адамды қазақстандық арналардың бірде-бірі көрсетке жоқ. Өзім бұған басында сенген жоқпын. Ертең ол чемпион болып кетеді. Ол кезде арналар жарыса көрсетеседі, бірақ біз Шавкатты қазіргі уақытта қолдап, демеуіміз керек ғой,- деді видео авторы.   

Кеше өткен UFC 285-тің жекпе-жектерінде Рахмонов пен Джефф Нил арасындағы бәсеке ең үздік деп танылды.

Сонымен қатар Рахмонов UFC-дегі 5 жекпе-жегі үшін 82,5 миллион теңге табыс тапқан.

Өзгелердің жаңалығы