Жәнібек Әлімханұлы Головкиннің чемпион атағынан бас тартуы жөнінде пікір білдірді

10 Наурыз 2023, 12:20
731
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы Головкиннің чемпион атағынан бас тартуы жөнінде пікір білдірді
Фото: Top Rank

WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) орта салмақта WBA Super титулын босатқанына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Геннадий Головкиннің WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартқаны туралы ақпарат тарады. Осыған қатысты WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы пікірін білдірді.

Головкин үлкен ағам болғандықтан, онымен айқаса алмайтынымды бәрі біледі. Ол барлық белбеулерді өзі босатты. Енді мен орта салмақтағы барлық титулды жинай аламын, - деп жазды боксшы Twitter-дегі парақшасында. 

Сонымен қатар Жәнібек Әлімханұлы WBА нұсқасы бойынша орта салмақтағы жалғыз әлем чемпионы болып қалған кубалық Эрисланди Лараны жекпе-жекке шақырды. Головкин WBA Regular титулының иегері Лараға қарсы WBA Super белдігіне таласқысы келмеді. Сол себепті ол осы нұсқадағы әлем чемпионы атағынан айырылды. Енді Әлімханұлы Ларамен кездесіп, абсолют чемпион атанғысы келеді.

Мен барлық болашақ чемпиондарға (WBA, IBF) ұсынысым бар. Жекпе-жекке шығайық. Лара, сені жұдырықтасуға шақырамын! WBO чемпионы WBA чемпионына қарсы жекпе-жек. Сіздер менің ендігі мақсатым - орта салмақтағы барлық белдікке иелік ету екенін білесіздер. Меніңше, уақыты келді. Жәнібек-Лара жекпе-жегін ұйымдастырайық, - деді Жәнібек Әлімханұлы.  

 

Өзгелердің жаңалығы