Жәнібек Әлімханұлы балалар үйіне барды

24 Шілде 2023, 06:35
830
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы балалар үйіне барды

Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Алматыдағы балалар үйінің 150 тәрбиеленушісі демалып жатқан лагерьге барды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында айтты деп хабарлады BAQ.KZ.

Адамдығымызды, ағалығымызды атқару үшін балалар үйіне бара жатырмыз. Балаларды қуантып, көңілін көтеріп, әңгмелесіп қайтатын боламын, – деді ол.

Спортшы балаларға ағалық ақылын айтып, әлем чемпион титулымен бірге суретке түсті. Сондай-ақ шағын жарыс түрінде ойын ұйымдастырып, сыйлықтар таратты.

Өзгелердің жаңалығы