Жаңбыр, найзағай, аяз: Ел аумағында дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыз кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауды, әсіресе жолда және таулы аймақтарда сақ болуды ескертеді.

 BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 04:27
Бүгiн 2026, 04:27
157
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

«Қазгидромет» РМК бүгін, 12 мамырда ел аумағында желдің күшеюі, жауын-шашын, тұман және шаңды дауыл сияқты қолайсыз метеорологиялық құбылыстар болжанатынын мәлімдеп, дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 17 облысында ауа райының күрт өзгеруі күтіледі. Кей өңірлерде жаңбыр мен найзағай, таулы аймақтарда қар аралас жауын-шашын болады. Сонымен қатар бірқатар облыстарда тұман мен көктайғақ, ал оңтүстік және батыс өңірлерде шаңды дауыл мен қатты жел болжанып отыр.

Мамандардың айтуынша, желдің екпіні кей жерлерде 15–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ кей облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы төмендеп, 1–3 градус аяз тіркеледі.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыз кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауды, әсіресе жолда және таулы аймақтарда сақ болуды ескертеді.

Наверх