2 алтын, 2 күміс және 4 қола: дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы тарихи нәтижемен аяқталды

Әлемнің 36 елінен 295 татами шебері қатысқан әлемдік доданы Қазақстан құрамасы жалпы медаль кестесінде 3-ші орынға тұрақтады.

 Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 00:15
Бүгiн 2026, 00:15
223
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Астана қаласында өткен бәсекеде дзюдошылар екі алтын, екі күміс және төрт қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлемнің 36 елінен 295 татами шебері қатысқан әлемдік доданы Қазақстан құрамасы жалпы медаль кестесінде 3-ші орынға тұрақтады.

Атап айтқанда, 81 келіге дейінгі салмақта Жалғас Қайролла мен –100 келі салмақ дәрежесінде Марат Байқамұров турнир чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына қос алтын жүлде салды.

Күміс жүлдені 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар және +78 келі салмақ дәрежесінде Кәмила Берліқаш жеңіп алды.

Ал қола медальдарды 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов, 73 келіге дейінгі салмақта Аңсарбек Ғайнуллин, 90 келіге дейінгі салмақта Айдар Арапов және +78 келі салмақ дәрежесінде Аида Тойшыбекова иеленді.

Бұл еліміздің тарихындағы елеулі жетістік, бұрын соңды Қазақстан атынан Grand Slam жарыстарында екі бірдей чемпион шықпаған.

Турнирдің алғашқы күніндегі финалдық белдесулерді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп тамашалады. Ал Олимпиада чемпионы Елдос Сметов қатысқан Golden Fight кездесуі турнирдің ерекше сәттерінің біріне айналды.

Наверх