Жаңбыр, бұршақ: 22 мамырға арналған ауа райы болжамы

22 Мамыр 2024, 07:07
731
Бөлісу:
Жаңбыр, бұршақ: 22 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: BAQ.KZ архив

22 мамырда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттар әсерінен найзағай ойнап, екпінді жел соғады, солтүстікте бұршақ жауады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша Алматы облысының таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республика бойынша тұман түсіп, екпінді жел соғады.

Қарағандының оңтүстігінде, Қостанайда, Атыраудың солтүстік-батысында, Қызылорданың шығысында, батысында, Батыс Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстік-батыста, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аймақтарында төтенше өрт қаупі бар.

Өзгелердің жаңалығы