Жанболат Мамай шартты түрде 6 жылға сотталды

10 Сәуір 2023, 15:46
709
Бөлісу:
Жанболат Мамай  шартты түрде 6 жылға  сотталды
Фото: Егемен Қазақстан

Белсенді Жанболат Мамай сот үкімі бойынша, 6 жылға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы сотының мәліметінше, Жанболат Мамайға журналистикамен айналысуға, қоғамдық ұйымдардың жұмысына араласуға тыйым салынды.

Айта кетейік, Жанболат Мамай Қылмыстық кодекстің 378-бабының 2-бөлігі, 274-бабының 2-бөлігі, 3-тармағы, 272-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталып отыр. Қылмыстық іс бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде Алматы қаласының аумағында басқару тәртібіне, қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны анықталған.

Өзгелердің жаңалығы