Жаңажол кен орнындағы апаттан бір жұмысшы қаза тапты

14 Мамыр 2023, 22:05
1326
Бөлісу:
Жаңажол кен орнындағы апаттан бір жұмысшы қаза тапты
Фото: inform.kz

Бұл туралы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

56 жастағы жұмысшы 2-3 дәрежелі күйік алған. Бас, бет, мойын тұсы мен аяқ-қолдарын термиялық күйік шалған. Тыныс алу жолдары да қатты зақымданған.

Үшінші мамыр күні сагитарлық авиациямен Астанаға жеткізілген. Бүгін таңертең Астана қаласындағы 1-емханада қайтыс болды, - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Естеріңізге салсақ,1 мамыр күні сағат 15:30-да жеңіл көмірсутектер алатын құбыр қондырғысында жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде газ шығып, артынша тұтанған. Салдарынан 4 жұмысшы зардап шеккен еді.

Денесін күйік шалған 4 жұмысшы санавициямен, реанимобильдермен облыс орталығына жеткізілді. Ақтөбе облысындағы кенорнындағы өртке байланысты «Өрт қауіпсздігі талаптарын сақтамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жұмыстары басталды.

Өзгелердің жаңалығы