Жаназасы кезінде тіріліп кеткен әйел 1 аптадан соң қайтыс болды

18 Маусым 2023, 11:30
1578
Бөлісу:
Жаназасы кезінде тіріліп кеткен әйел 1 аптадан соң қайтыс болды
Фото: BAQ.KZ - архив

Өз жаназасы кезінде табытта жатқан күйінде тіріліп кеткен Эквадор тұрғыны Белла Монтойя ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Comercio басылымы хабарлады. 

Эквадор Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, енді ол ресми түрде қайтыс болғандар тізіміне енді. 

Өмірінің соңғы аптасын Монтойя қарқынды терапия бөлімінде өткізді. Ол жерге әйел жаназасы кезінде тіріліп кеткеннен соң жеткізілген еді. Дәрігерлер әйелдің жағдайы өте ауыр екенін айтты. Дегенмен оны аман алып қала алмады. Қазір Монтойяның денесін сараптама жасату үшін алып кеткен екен. Дәрігерлер оның алғашқы жаназасында тіріліп кетуінің себебін түсіндіре алмады. Алайда олардың ойынша, әйел кателепсия күйіне ұшыраған болуы ықтимал. Ондай күйге түскен адам бірнеше күн бойы қимыл-қозғалыссыз қалатын көрінеді.

Еске салсақ, бұған дейін экваторлық әйелдің өз жанасы кезінде тіріліп кеткені белгілі болды. Туыстары табыттан ыңырсып жатқанын естіп, ашып көргенде, әйелдің тірілгеніне куә болған.

Өзгелердің жаңалығы