Жаңатастағы өрт: Мәжіліс депутаттары қайғы жұтқан отбасыға көңіл айтты

20 Ақпан 2021, 17:39
1616
Бөлісу:
Жаңатастағы өрт: Мәжіліс депутаттары қайғы жұтқан отбасыға көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаттарының атынан Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында өрт салдарынан қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтты.

Тілсіз жаудың салдарынан қаза тапқан бүлдіршіндер туралы суыт хабар барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Зардап шеккен Әбдімәліковтер отбасына, туған-туыстарына орны толмас оқиғаға байланысты барлық депутаттық корпус атынан көңіл айтамын, - деді Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ, Палата Спикері зардап шеккен отбасыға сабыр мен бекемділік тіледі.  

Еске салсақ, кеше Жаңатастағы тұрғын үйден өрт шығып, бір үйдің бес бірдей бүлдіршіні қаза тапты. Бүгін осы қайғылы оқиғаға қатысты жаңа ақпарат пайда болып, өрт неден шығуы мүмкін екені айтылды. Сонымен қатар балалардың ата-аналары қандай қызметпен айналысқаны белгілі болды.


Өзгелердің жаңалығы