Жанармайды елден тыс жерге шығарған жүргізушілер жазаланды

14 Сәуір 2023, 14:44
767
Бөлісу:
Жанармайды елден тыс жерге шығарған жүргізушілер жазаланды
Фото: Polisia.kz

Жамбыл және Түркістан облыстарында жанармайды елден тыс жерге шығарған жүргізушілер анықталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жамбыл және Түркістан облыстарында 10 сәуірден бастап ішкі істер органдары көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, жанар-жағармайды елден тыс жерлерге әкетуге жол бермеу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Полиция қызметкерлері тиісті рұқсатсыз қосымша жанармай бактарын орнату арқылы көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу фактілерін анықтауға ерекше назар аударады. 

Бұл құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылады (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару). Іс-шараның үш күнінде осындай құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 57 жүргізуші жауапқа тартылды, 21-әкімшілік материал бойынша көлік құралдарын одан әрі пайдалануға тыйым салынды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы