ҰҚК жанармай тасымалдауға арналған жерасты магистралын анықтады

3 Наурыз 2020, 15:28
2011
Бөлісу:
ҰҚК жанармай тасымалдауға арналған жерасты магистралын анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шекарашылар жанар-жағармайды шекара арқылы тасымалдауға арналған жерасты магистралын анықтады.

ҚР Мемлекеттік шекарашылар Қырғызстандық әріптестерімен бірлесіп қазақ-қырғыз шекарасы бағытындағы Жамбыл облысының шекара маңындағы аумағынан жер астына қазып төселген екі пластикалық шлангіні анықтады. Шлангінің бірінен бензин исі бар сұйықтық табылды – делінген ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша, анықталған жайт шекара арқылы заңсыз ЖЖМ тасымалдауға арналған, жақсылап жасырылған жер асты магистралы болуы ықтимал.

Аталған факті бойынша тиісті органдарға ақпарат берілді. қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы