"Жанармай бекетіндегі жарылыс". Дағыстанда қаралы күн жарияланды

15 Тамыз 2023, 11:01
571
Бөлісу:
"Жанармай бекетіндегі жарылыс". Дағыстанда қаралы күн жарияланды
Фото: видеодан скриншот

Дағыстанның Махачкала қаласында жанармай құю бекетіндегі жарылыс салдарынан 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Mir24.tv мәліметінше, Дағыстанда қайғылы оқиғаға байланысты қаралы күн жарияланды. Бұл туралы республика басшысы Сергей Меликовтың жарлығында айтылған.

Жанармай құю бекетіндегі жарылыс Махачкала қаласының шет жағында дүйсенбі күні кешке болған. 

Алдымен Новокули ауылында Кулинская және Федералды шоссе қиылысында орналасқан көлікке қызмет көрсету орталығында көлікті техникалық байқаудан өткізіп жатқанда өрт басталған. Артынша жарылыс болған. Кейіннен оның жалыны жанармай құю бекетін шарпыған. Соңғы деректер бойынша 27 адам қайтыс болды, тағы 75 адам зардап шекті.

Өзгелердің жаңалығы