Жаңаөзендік 80 мұнайшы жұмысқа қайта орналасты

14 Мамыр 2023, 17:07
787
Бөлісу:
Жаңаөзендік 80 мұнайшы жұмысқа қайта орналасты
Фото: «БерАли Мангистау Company» ЖШС

Жаңаөзенде «БерАли Мангистау Company» ЖШС-нің бұрынғы 80 қызметкері қайта жұмысқа орналасу арызын берді, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі lada.kz-ке сілтеме жасап.

«БерАли Мангистау Company» ЖШС директоры Ерлан Жүзбаев мекеменің бұрынғы қызметкерлерімен кездесіпбасшылық алдағы жұмыс жоспарын талқыланып, қызметкерлердің ұсыныстары мен талап-тілектерін тыңдады. 

Белгілі болғандай, «БерАли Мангистау Company» ЖШС алдағы дүйсенбіден бастап кен орнында жұмыс бастамақ. Серіктестік биыл ақпан айында «ӨзенМұнайГаз» АҚ-дан құны 666 млн теңге болатын ұңғымаларды жою жұмыстарының көлемін ашық тендерде жеңіп алған еді.

Жұмыс 1 сәуірде басталуы керек болатын. Алайда қызметкерлер арасындағы еңбек дауына байланысты тараптармен келіссөздер жүргізіліп, ұңғымаларды жою жұмыстарына 15 мамырдан бастап серіктестіктің бұрынғы қызметкерлері жұмылдырылатын болды.

Біз өзіміздің бұрынғы қызметкерлерімізге алаңдаушылық білдіреміз және әрқайсысыңыздың құқықтарыңызды құрметтейміз, пікірлеріңізбен санасамыз. Жұмыс 1 айдан аса уақытқа тоқтап қалды. Қаншама келіссөздер жүрді. Сіздерді өз қатарымызда қайта көргенімізге қуаныштымыз. Бір бірімізбен ауызбіршілікте болып, жұмыс көлемін уақытында орындаймыз деп өздеріңізге сенім артамын, - деді жиында «БерАли Мангистау Company» ЖШС директоры Ерлан Жүзбаев.

Артынша серіктестіктің бұрынғы 80 қызметкері қайта жұмысқа орналасу арызын қалдырғаны белгілі болды.

Бұған дейін ҚазМұнайГаз мұнайшылармен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы