Жаңаөзендегі жарылыс: Бір адам қаза болды

17 Сәуір 2023, 10:02
1556
Бөлісу:
Жаңаөзендегі жарылыс: Бір адам қаза болды
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен 13 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың арасында 29 жастағы азаматтың қаза болғаны хабарланды, деп жазады BAQ.KZ mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін қайғылы оқиғадан 11 адамның зардап шеккені хабарланды.

Қалалық аурухана баспасөз қызметі мәлім еткендей, екі адамның жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуінің денесін 80 пайыз, екіншісінікін 50 пайыз күйік шалған. Сондай-ақ 1994 жылғы ер адам есін жимастан, қайтыс болды. Басқа адамдардың жағдайы қанағаттанарлық.

Оқиға орнына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев барды. Құтқару жұмыстары жалғасуда.

Еске салсақ, бүгін таңғы сағат 5 шамасында Жаңаөзен қаласындағы 2-шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған. Осы оқиғаға қатысты жедел штаб құрылды.

Өзгелердің жаңалығы