Жаңаөзенде «Жұмыс жасаймын» атты жоба жүзеге асып жатыр

7 Сәуір 2021, 20:41
2769
Бөлісу:
Жаңаөзенде «Жұмыс жасаймын» атты жоба жүзеге асып жатыр

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мұнайшылар қаласының әкімшілігі осы тектес жобалардың нәтижелі іске асыру арқылы жұмыссыздық мәселесін кезең-кезеңімен шешуді жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта қалаға іргелес Рахат елді мекенінде алғаш рет зал сыйымдылығы 300 көрерменге арналған екі қабатты мәдениет үйі салынып жатыр. Биыл іске қосылуы тиіс. Жоғарыда аталған жоба аясында 85 жұмыссыз азамат нысан құрылысына жұмылдырылған.

Сондай-ақ Қызылсай ауылында бір ауысымда 200-дей келушіні қабылдауға қауқарлы медициналық нысан бой көтеруде. Мұнда да жергілікті жұмыспен қамту орталығы жолдамамен жіберген 85 азамат екі қолға бір күрек тапқан.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап біздің орталықта есепте тұрған азаматарды тұрақты жұмыспен қамту үшін «Жұмыс жасаймын» атты жобаны қолға алдық. Бізде бас-аяғы 76 адам жұмыссыздар кезегінде тұр. Оның 28-і тұрғын үй құрылыс материалын шығаратын серіктестікке қызметке тұрғызылды. Тағы 48 тұрғын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын атқаратын мекемеге жолданды. Алдағы жоспарымызда жергілікті мекеме-кәсіпорындарға қажетіне қарай 500 адамға дейін еңбекке арасуына қол ұшын созбақшымыз, - Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы Нұртаза Мыңбаева. 

Өзгелердің жаңалығы