Жаңаөзенде заңсыз ойын бизнесінің жолы кесілді

7 Шілде 2022, 19:41
1350
Бөлісу:
Жаңаөзенде заңсыз ойын бизнесінің жолы кесілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Жаңаөзенде заңсыз ойын бизнесінің жолы кесілді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласының аумағында Шаңырақ шағын ауданында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде заңсыз ойынхананы анықтады. Үй-жайды тексеру барысында мониторлар, процессорлар, теледидарлар, кассалық аппарат және қолма-қол ақша қаражаттары табылып, тәркіленді. 

Аталған дерек Жаңаөзен қаласы ПБ АЕК-ге тіркелді және процессуалдық шешім қабылдау үшін жиналған іс-қағаздар Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Өзгелердің жаңалығы