Жаңаөзен тұрғыны 651 мың теңгесінен айырылып қалды

13 Шілде 2021, 02:22
4260
Бөлісу:
Жаңаөзен тұрғыны 651 мың теңгесінен айырылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңаөзендік алаяқ жұмысқа тұрғызамын деген уәдемен жергілікті тұрғыннан 651 мың теңге ақша алған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңаөзен қаласы полиция басқармасы жергілікті тұрғынның өтініші бойынша 26 жастағы азаматшаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Ол бір кәсіпорынға жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде беріп, 651 мың теңге көлемінде ақша қаражатын иемденді.

Аталған факті ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген, тергеу жалғасуда.

Маңғыстау облысы полиция департаменті азаматтарды алаяқтық жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты сақ болуға шақырады!

Өзгелердің жаңалығы