Жаңақорғанда 10 мегаваттық күн электр стансасы іске қосылады

20 Желтоқсан 2020, 20:44
1301
Бөлісу:
Жаңақорғанда 10 мегаваттық күн электр стансасы іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл соңына дейін Жаңақорған ауданында қуаттылығы 10 мегаваттық күн электр стансасы іске қосылады. 

Өткен жылы Жалағаш және Шиелі аудандарында жалпы қуаттылығы 80 мегаватты құрайтын 2 күн электр стансасы пайдалануға берілді. 

Біздің аймақ күн сәулесі мол түсетін өңір. Оны ұтымды пайдалану мақсатында мақсатында жұмыстар атқарылуда. Қазір шағын ауылдарда осындай жобалар жүзеге асырылды. Енді қуаттылы көп стансаларға көңіл бөлінуде. Мәселен, Энергетика министрлігінің ұйымдастыруымен биыл 10 желтоқсанда өткізілген аукциондық сатылымның нәтижесімен «Хевел Қазақстан» компаниясы жеңімпаз болып анықталып, Арал қаласында қуаттылығы 20 мегаваттық күн электр стансасы салынады. Дәл осындай стансалар электр энергиясына деген тәуелділікті азайтады, - деді облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов. 

Сондай-ақ «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы аясында 6 әлеуметтік нысанның бу қазандықтары газға ауыстырылса, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 13 әлеуметтік нысан көгілдір отынға қосылды. Бұл мемлекет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.

 


Өзгелердің жаңалығы