24 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі жаңа жыл қарсаңында бүкіл ел бойынша кезекшілікке шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Жаңа жыл қарсаңында кезекшілікке түскен полиция қызметкерлерімен кездесті.
Азаматтардың өтініштерін уақтылы қабылдау, оқиға орнына нарядтардың келуі, азаматтарымызға жедел көмек көрсету сіздердің іс-әрекеттеріңізге байланысты. Азаматтар полицияның олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тыныштықты қорғайтынына сенімді болуы керек, - деді ведомство басшысы.