Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңа жылда 24 мыңнан астам полицей мен Ұлтық ұлан әскери кезекшілікке шықты

1 Қаңтар 2023, 11:33
893
Бөлісу:

24 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі жаңа жыл қарсаңында бүкіл ел бойынша кезекшілікке шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Жаңа жыл қарсаңында кезекшілікке түскен полиция қызметкерлерімен кездесті.

Азаматтардың өтініштерін уақтылы қабылдау, оқиға орнына нарядтардың келуі, азаматтарымызға жедел көмек көрсету сіздердің іс-әрекеттеріңізге байланысты. Азаматтар полицияның олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тыныштықты қорғайтынына сенімді болуы керек, - деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы