Жаңаөзен қаласының 18 жастағы тұрғынынан коронавирус анықталды
16 Сәуір 2020, 10:20 853

Жаңаөзен қаласының 18 жастағы тұрғынынан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Маңғыстау облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 1 жағдай туралы хабарлады. 

Ауру жұқтырған азаматша Жаңаөзен қаласының тұрғыны, 18 жаста.  Ол  коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.   

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. 

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.      

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. 

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 

15.04.2020 жылы жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 12 адам анықталды. Оның ішінде 1 адам жазылған. 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...