Жаңа Зеландияда 5,7 балдық жер сілкінісі болды

15 Ақпан 2023, 15:35
1208
Бөлісу:
Жаңа Зеландияда 5,7 балдық жер сілкінісі болды

Бір күн бұрын Жаңа Зеландия елде болған «Габриэль» циклонына байланысты өз тарихында үшінші рет төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап жазды.

АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) мен Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, Жаңа Зеландия жағалауында магнитудасы 5,7 балдық жер сілкінісі болды.

Жерасты дүмпулері Жаңа Зеландияның Солтүстік және Оңтүстік аралдарын бөліп тұрған Кук бұғазының суларында тіркелді. Зілзала ошағы Веллингтон аймағындағы Лоуэр Хатт қаласынан солтүстік-батысқа қарай 79 км жерде, 74 км тереңдікте болған.

Жаңа Зеландияның Geonet қызметі жер сілкінісінің магнитудасын 6,1 деп бағалады. Цунами қаупі, зардап шеккендер мен қираулар туралы хабарланған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы