Жаңа Зеландия Украина азаматтарының виза алуына жеңілдік жасайды

16 Наурыз 2022, 07:08
1163
Бөлісу:
Жаңа Зеландия Украина азаматтарының виза алуына жеңілдік жасайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа Зеландия билігі елде тұратын украиналықтардың жақын туыстарына 2 жылдық виза беруге дайын, деп жазды 24.kz.

Бұл бағдарлама Украинадан уақытша кетуге ниет білдірген 4 мың адамға арналған. Олар жеңілдетілген тәртіппен виза алады. Оқуын оқып, жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.

Алайда бұл азаматтарды тасымалдау, жүріп тұру және медициналық қызмет көрсетуге қатысты шығынды Жаңа Зеландияда тұратын туыстары көтереді. 

Жапония билігі де елге келген украиналық босқындарға бір жылдық виза береді. Сөйтіп, қарулы қақтығыстан қашқан азаматтар жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Қазір мұнда Украинадан барған 29 азаматқа босқын мәртебесі берілген.

Өзгелердің жаңалығы